11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күніне арналған 5-7 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты аудандық байқау өтті. Байқауға мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары арасынан Окунева Юлия қатысты. Ұлты басқа бола тұра, Юлия мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетіп, өзін қазақ тілінде таныстырды. Өлеңді мәнерлеп, жаңылмай айтып, байқау барысында берілген әртүрлі төрт тапсырманы сәтті орындады. Юлия өз білімін, тапқырлығын және қазақ тілінде сөйлеуге деген ынтасын көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Окунева Юлия Алғыс хатқа ие болды. Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы артып, алдағы уақытта да биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!