Бүгін математика, информатика және физика (МИФ) онкүндігі аясында 5-7 сынып оқушылары «Түнгі жарық» және «Жүгіретін жарық» атты қызықты интеллектуалды ойындарға қатысты. Бұл іс-шаралар логикалық ойлауды, реакция жылдамдығын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар күрделі есептерді шешіп, тапқырлықтарын көрсетті және ғылым тек формулалар ғана емес, сонымен қатар өте қызықты процесс екенін көрсетті.