Текст
Мектебімізде «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы» жұмыс істейді. Осы орталықтың жұмыс жоспары аясында Жақсыбаева А.А., Янкова Г.Н. ата-аналарға арналған іс-шаралар өткізілді. «Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу», «Отбасы – бақыт мекені», «Ата-ананың сөзін тыңдау» тақырыптарында жүргізілген жүйелі тренингтер ата-аналарға оң әсерін тигізді. Ата-аналар түрлі психологиялық, педагогикалық, ұйымдастырушылық ойындар мен жаттығуларға қызығушылық танытып, соңында кері байланыс шыршасын безендірді.