Текст
Астана күніне арналған жоспар негізінде Владимировка
негізгі мектебінде «Отанымның жүреге – Астана» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық патриоттықты ояту, Қазақстанның
астанасы Астана қаласы туралы ақпарат қалыптастыру, тарихпен таныстыру,
географиялық орнын білу, экономикасы мен архитектурасымен танысу, өз еліне деген
мақтаныш сезімін тудыру. Көрмеде Қазақстан туралы, Астана және Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев туралы әр түрлі кітаптар көрсетілді. Оқушылар кітптар көрмесін
аса қызығушылықпен қарады, бір-бірімен алған ақпараттару туралы әңгімелесіп
ойларымен бөлісті.