Отан бізді шақырады мектепке,
Сыбырлайды жел де бар деп мектепке.
Жақсы болсын, қуанышқа толы болсын,
Мектепте өткізген жылымыз!
2017 жылдың 2 қыркүйек күні Владимировка негізгі мектебінде Білім күніне арналған салтанатты сап түзеу болды. Іс-шара Мемлекеттік Гимнмен басталып, одан кейін мектептің директорының міндетін атқарушысы Бабий Наталья Олеговна оқущыларды 2017-2018 оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Дәстүрге сай білім бөлімі өкілі болып мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарды құттықтап әдіскер Кожевникова Екатерина Федоровна келді. Барлық көңіл мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушыларында болды. Салтанатты шара мерекелі, қуанышқа толы болды, оқушылар ән айтып, би биледі. Сонымен қатар «Мәңгілік Ел» патриоттық акті аясында 2 қыркүйек күні сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.